Үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі  «БАЛ балалық» мерекелік саябағы

 

    1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  2 маусымда қалалық мәдениет және демалыс саябағында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің «БАЛ балалық» мерекелік саябағы оздырылды. ҚР «Мәдениет қайраткері», ансамбль жетекшісі Райхан Көжекешованың шәкірттерімен үздік еңбегі арқылы танылған әсем өнердің кереметтері көрсетілді. Мерекелік саябақ «Сәтті сурет», «Тәтті тренд», «Тәтті тілек», «Тосын сый» бөлімдерімен айшықталды. Осылайша балалықтың бал суреттері, тәттілері, тілектері көңілді көктемге айналдырса, үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблінің үлкен, орта және кіші тобы сахнада «Көктем вальсі», «Домбыра», «Маймылдар», «Жайық қыздары», «Андижан полькасы», «Қызыл телпек», «Күшіктер», «Балдәурен» би қойылымдары өнерге тәнті етті. Ал Сайқымазақ, Панда, Миккилер балалар әлемін әртүрлі ойын-қызықтармен көмкеріп, шат күлкіге бөледі. Сондай-ақ «Бал балалықтың» жүргізушілері Кәусар Ғалымжан мен мектептен тыс жұмыс орталығының "Гүлдер" вокал студиясы тәрбиеленушілері Әлижан Тұрғали және жас өнерпаз Жанель Есмағанбетова «Бала тілегі», «Ән әлемі», «Балдәурен» әндерін шырқады. Балдай балалықтың мерекелік отшашуы балаларға көңілді әсер сыйлады.

 

 

         При поддержке областного управления культуры 21 мая во Дворце торжеств «Салтанат сарайы» областным центром народного творчества  было организовано  праздничное мероприятие «Өнер ордасы». В  этом году  профессиональный праздник работников культуры и искусства проходил в рамках  30-летия Независимости РК. На этом значимом мероприятии чевствовали работников  культуры и искусства, которые внесли   вклад в развитие  и процветание культуры нашего региона, пропагандируют   духовные и материальные  сокровищницы нашего народа

         С поздравительным словом выступил  заместитель акима Западно-Казахстанской области Б.Нарымбетов и вручил  медаль «Еңбек ардагері»  председателю областного филиала профсоюза работников культуры, спорта и информации А.Батырханову, нагрудный знак «Мәдениет саласының үздігі» солистке областной филармонии им. Г.Курмангалиева А.Ахметовой,  главному хранителю областного краеведческого музея Г.Бакитовой,                      заведующей отделом Центра культуры и искусства им. К.Мырзалиева Ж.Камаловой, солисту вокально-инструментального ансамбля ДК молодежи Р.Керееву,заведующей сектором  областной научно-универсальной библиотеки имени Ж.Молдагалиева А.Нуфтуллиной, главному специалисту  областного управления культуры отдела координации и анализа деятельности Г.Ахметовой, благодарственные письма от заместителя Акима области  бухгалтеру областного Центра культуры и искусства им. К.Мырзалиева А.Галымовой, заведующей отделом областной детско-юношеской библиотеки им. Х.Есенжанова А.Губашевой,работнику областной Государственной инспекции по охране историко-культурного наследия М.Жангали, заместителю директора центра молодежного творчества Б.Жусипкалиеву,руководителю отдела областного центра народного творчества Б.Давлеткалиевой, артисту областного драматического театра им. А.Островского Р.Джумахметову, артисту областного казахского драматического театра им.Х. Букеевой  Ж.Заеву, библиотекару областной научно-универсальной библиотеки им.Ж.Молдагалиева Б.Кубаевой, заведующей отделом областной специализированной библиотеки для слепых и слабовидящих К.Кадырбековой. Главный специалист областного управления культуры  Н.Толеген за вклад в реализацию программы «Рухани қазына» была отмечена  также благодарственным письмом.       Награждение продолжил  начальник областного управления культуры С.Дуйсенов вручением Почетных грамот от  Министерства культуры и спорта РК. Грамоты были вручены библиотекарю областной детско-юношеской библиотеки им. Х. Есенжанова С.Быкову, заместителю директора областного историко-краеведческого музея З.Саутовой. Благодарственными письмами Министерства культуры и спорта РК были   отмечены артист фольклорного ансамбля «Орал сазы» С.Кубаев, администратор областного Центра культуры и искусства им.К. Мырзалиева  Б.Каленов, артист областного камерного оркестра Е.Шутарев, а также нагрудным знаком  «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» от Казахстанкого библиотечного Союза  были удостоены  руководитель отдела научно-универсальной библиотеки им. Ж.Молдағалиева А.Жумакаева, библиограф Б.Каленова, руководитель отдела М.Татенова, Благодарственные письма от областного управления культуры получили  артист эстрадно-симфонического оркестра акима ЗКО Р.Бегимбетов, культорганизатор Центра культуры и искусства им. К.Мырзалиева А.Бисенгалиев, менеджер русского драматического театра им. А.Островского С.Газизова, артист  областного казахского театра им. Х.Букеевой А. Жакин, заведующий отделом областного сохранения историко-культурного наследия Е.Орынбасаров,библиотекарь детской юношеской библиотеки им.Х. Есенжанова   М. Сапрыкина.

         Председатель областного филиала профсоюза работников культуры, спорта и информации А.Батырханов вручил  нагрудной знак «Еңбек даңқы» артисту оркестра казахских народных инструментов им. Даулеткерея  А.Бердыгалиеву, методист-библиотекарю областного центра народного творчества  Р. Жайлгановой, артисту областного казахского драматического театра им.Х. Букеевой А. Кайровой, директору ДК молодежи М. Мергалиеву, главному экономисту  плано-хозяйственной деятельности и финансового учета областного управления культуры А. Саукеновой. Почетной грамотой  общественного объединения «Отраслевой  профессиональный союз работников культуры,спорта и информации» была награждена скрипачка областного камерного оркестра Г. Хасанова и  Благодарственным письмом главный бухгалтер русского театра им.Н. Островского К.Шалтаева.

      Областные управления и средства массовой информации пришли поздравить работников культуры  вручив благодарственные письма и памятные подарки. В их ряду  были  областное управление образования, управление развития языков, физической культуры и спорта, внутренней политики, сельского хозяйства, строительства, спорта, молодежной политики,  телевиденье «Акжайык»,  «Жайык пресс».

         Наряду с этим 18-21 мая с.г  организованный Министерством культуры и спорта РК в г.Кокшетау состоялось торжественное награждение   ІҮ республиканского онлайн фестиваля «Рухани қазына-2021» работников сферы культуры и искусства. Где директор Западно-Казахстанского областного историко-краеведческого музея М.Ерсаев был награжден  в номинации «Лучший работник государственного музея областного значения», директор сельского дома культуры Ащысай Чингирлауского района   Н. Кабибуллиев  «Лучший работник сельского дома культуры» директор Теректинской районной детской библиотеки  Р. Болатова в номинации  «Лучший онлайн проект-2021 для детей» .

         Торжественное награждение сопровождалось праздничными номерами областной филармонии им. Г.Курмангалиева и  городского культурно-просветительного объединения.Прозвучали  песни   К.Дуйсекеева «Өмір, өмір», А.Рахметова «Жайық жұлдызы», «Мәдениетім-мәртебем»,  ансамбль народного танца «Назерке» областной филармонии им.Г.Курмангалиева исполнили  вальс.

 

9 мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесіне орай, майдангерлердің ерлігіне құрмет көрсету, жеңісті жақындатуға үлес қосқан батырлардың рухына тағзым ету, жас ұрпақты батырлыққа, елін жерін сүюге, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың қарт жауынгерлері Скаленко Вениамин Пантелеевич пен Шолубай Борис Сергеевичке құрмет көрсетілді.

Ардагерлер тұратын тұрғын үй ауласына Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері М.Сарбөпеев,А.Ахметова, А.Оразовтар әскери соғыс әндерінен шашу шашса, халықтық «Ақжайық» би ансамблінің бишілері мың бұралып, әсем билерімен бүгінгі шараның шырайын ашты. Бұл мереке-жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуыда, еліміздің өркендеуі-осынау мерекенің жемісі.

"ЖІГІТ сұлтаны - 2021" анықталды

Жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің қабыланы, жігіттің нары, жігіттің жампозын анықтау мақсатында облыс әкімдігі, облыстық мәдениет, облыстық ішкі саясат, облыстық спорт және денешынықтыру басқармалары, қала әкімі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, "Нұр Отан" партиясы және облыстық "Aqjaiyk" телеарнасы қолдауымен Орал қаласында "ЖІГІТ сұлтаны - 2021" облыстық онлайн байқауы 5-6 мамыр аралығында өткізілді.

Байқауға Орал қаласынан, Ақжайық, Бәйтерек, Жанақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарынан 10 үміткер қатысты. Қатысушылар "Қазақтың баласымын тегі бүтін", "Аттың даңқы жігіт қолында, жігіт даңқы өз қолында", "Жігіттер бар асыл сөзді...", "Жігіттер бар нарқасқа...", "Жігітке аз болады жеті өнер" аталымдары бойынша сынға түсті. Тартысты додада "ҚР Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры, күйші, қазылар алқасының төрағасы Сертеков Нұржан Орынғалиұлы, "ҚР Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, актер, республикалық "Жігіт сұлтаны" байқауының лауреаты Бектенов Мұсағали Жайғалиұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы, БҚО Ұлттық спорт федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті Байбатыров Ерболат Сағатұлы, "Ағайын" қазақ мәдени бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты, халықтық Биғалиевтер отбасылық ансамблінің мүшесі Биғалиев Арман Маратұлы, ХІV Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, аймақтық, республикалық үкілі домбыра байқауларының лауреаты, Құрманғазы атындағы саз мектебінің оқытушысы Серікбаев Аслан төрелік етті.

Жүлдегерлер анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

БАС ЖҮЛДЕ - СЕРІКОВ Қолғанат /Жаңақала ауданы/

1 ОРЫН - ЖЕҢІСОВ Мағжан /Шыңғырлау ауданы/

2 ОРЫН - САБЫРҒАЛИЕВ Райымбек /Бәйтерек ауданы/

3 ОРЫН - НАУРЫЗОВ Шапағат /Ақжайық ауданы/

Дипломант

МӘЛІК Ерасыл /Бөрлі ауданы/

ЕРЛАНОВ Ернар /Жәнібек ауданы/

МЕМЛЕКЕТОВ Қолғанат /Қаратөбе ауданы/

УӘЛИАХМЕТОВ Нұрлыбек /Сырым ауданы/

ОРАЗОВ Алпамыс /Теректі ауданы/

НҰРЛАН Ерген /Орал қаласы/

 

Облыстық "Балдәурен" балалар шығармашылығы онлайн фестивалі

 

Балалардың шығармашылық талпынысын арттыру, қолдау көрсету, өнер жолына жол ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас талант иелерінің есімдерін таныту мақсатында үстіміздегі жылдың 21 сәуірде облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  дәстүрлі облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі онлайн түрде өткізілді.

Байқауға 10 мен 15 жас аралығында 195 аудандық, қалалық кезең жеңімпазы қатысты.

Фестивалі 5 аталым бойынша: эстрадалық вокал, хореография, халықтық  музыка  (домбыра), домбырамен ән салу, жыр айту, поэзия жанры түрлерінен видеотүсірілім жасалып, ұсынылды.

Жас таланттарды өнер  саласындағы  білікті, тәжірибелі мамандар: ақын, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, Жиембет жырау атындағы сыйлықтың иегері Талап Таймасұлы, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі, халықаралық, республикалық жыр-термешілер байқаудың лауреаты  Фархат Оразов, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық байқаудың лауреаты Ербол Губайдуллин, халықаралық, республикалық  байқаудың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Айбек Тұрарбеков, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас балетмейстрі, «ККК» би студиясының өнертану магистрі Қарлығаш Қадырбекова, халықтық «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі Әсел Давлетова бағалады.

         Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер:               

«Поэзия»

1 орын - Шәки Бекарыс Мақатұлы  /Тасқала/

Жетекшісі Лукбанов Меңдібек Нұрболатұлы

2 орын - Бірғаным Еслямғалиева  /Қаратөбе/

Жетекшісі Әжіғалиев Әділбек

2 орын - Елдосова Наргиза  Елдосовна /Орал/

Жетекшісі Сапарова Гүлдария Қажмұханқызы,

3 орын - Ерболқызы Гүлден  /Сырым/

Жетекшісі Дюсенова Жансая Сергалиевна

3 орын - Самигуллина Жанель /Теректі/

Жетекшісі Ақберенова Юлия

3 орын - Ислам Серік  /Шыңғырлау/

Жетекшісі Бекайым Аубакирова Серікқызы                 

Дипломант

  1. Төлеуғали Ұлдана Нұржанқызы /Жаңақала/

Жетекшісі Ерғалиева Жанна Аманғалиқызы

  1. Рысқали Расул Рауанұлы /Орал/

Жетекшісі Халиуллин Марат Ергенұлы

 

«Хореография»

1 орын«Жұлдыз» Үлгілі би ансамблі /Теректі/

Жетекшілері Тайшыбаева Жанар Жеңісқызы,

                       Нургалиева Данара

2 орын -  Үлгілі «Айналайын» би ансамблі /Сырым/

Жетекшісі Нурмуханова Гулшат Нурболатовна

2 орын - Үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі /Бөкей орда/

Жетекшісі Сүндетова Сәуле Қасымовна

3 орын - «Ай – Дарын» би ансамблі /Ақжайык/

Жетекшісі Жусупкалиева Айдана Биғалиқызы

Дипломант

  1. Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі /Жаңақала/

Жетекшісі Элеонора Валиева

  1. «Ақмаржан» халықтық би ансамблі /Жәнібек /

Жетекшісі Муратова Замзамгүл Мұзаппарқызы 

  1. 3. «Еркеназ » би тобы - /Қаратөбе/

Жетекшісі Қаламқас Муса

 

«Эстрадалық вокал  /соло, дуэт/»

1 орын – Хамзин Алинур /Орал/

Жетекшісі Хайрошов Сатыбалды Адилханович

2 орын - Мұқтар Самал  Өмірбекқызы /Жәнібек/

Жетекшісі Каримов Райымбек Асылбекұлы

2 орын - Ақтолқын Қуанғалиева /Қаратөбе/

Жетекшісі Саяжан Сагинова

3 орын - Султан, Бейбарыс Гарифуллиевтер /Теректі/

Жетекшісі Құсайынова Гүлназ

3 орын - (дуэт) Шалқарбаева Айгерім Хаируллақызы          

Амангелді Зинира  Бақытжанқызы /Шыңғырлау/

Жетекшісі Әселхан Мухамбетші Тілекқайырқызы

3 орын – Айдана Муханова / Бәйтерек/

Жетекшісі Кондыкерова Камшат Уаповна            

 Дипломант

  1. Шарипова Гүлнәз Алтайқызы /Тасқала/

Жетекшісі Беккалиев Думан Ибатұлы

  1. Қуанғали Әскербек Мерейұлы /Жаңақала/

Жетекшісі Сыралиев Темірлан

  1. Темірғали Аржан Арманұлы /Орал/

Жетекшісі   Шекеева Айым  

 

«Халықтық музыка/домбыра»

1 орын – Есентай Алихан /Орал/

Жетекшісі Ә.Қодаров

2 орын - Мұхамбет Нұрдаулет /Бәйтерек/

Жетекшісі Утеуова Толқын  Ізбасарқызы

2 орын-  Нағымова  Томирис  Ержанқызы  /Жаңақала/

Жетекшісі Бисенғалиева Ханзада Самиғалиқызы

3 орын - Қадыр  Әлиназар  Есенболатұлы  /Жәнібек /

Жетекшісі Касумова Наргизза Баймуратқызы

3 орын - Маликов Азамат  Ибрайұлы  /Казталов/

Жетекшісі Ержанов Жасұлан Орынғалиұлы

3 орын – Дидарұлы Әлижан /Орал/

Жетекшісі Бақтыгереева Нурсулу Нигметовна

 Дипломант

  1. Сериков Арсен Ерланұлы /Бөкей орда/

    Жетекшісі Ажғалиева Саида Ғайноллақызы

  1. Амандық Әзілхан /Сырым/

   Жетекшісі Сапаралиева Айгүл Ганиевна

3.Алина Аюпова /Шыңғырлау/

  Жетекшісі Гүлстан Умралиев

 

«Домбырамен ән салу, жыр айту»

1 орын – Мұратханова Аружан /Орал/

Жетекшісі Бейбіт Қажығалиев

2 орын- Сабырғали Нұрғали  /Қаратөбе/

Жетекшісі Еркебұлан Олжағали

2 орын - Исмағұл Дильназ   /Теректі/

Жетекшісі Қажғалиев Бейбіт Бауыржанұлы

3 орын - Есқайр Арнұр /Сырым/

Жетекшісі Кажгалиев Дархан Бауыржанұлы

3 орын - Максутов Нұрдәулет Марсұлы /Тасқала/

Жетекшісі Сұңғат Қанатұлы

3 орын – Назымбек Сатпанов Қайырғалиұлы  /Шыңғырлау/

Жетекшісі - Аманғали Сатпанов Қайырғалиұлы

Дипломант

  1. Марсель Нұрсұлтан Рустамұлы /Ақжайык/

Жетекшісі Таудаева Ақмарал

  1. Адилов Нурбол /Бөрлі/

Жетекшісі Айтуғанов Нұралы

3.Тоғызбай Аянат /Бәйтерек /

Жетекшісі Сисенов Артур

  1. Батырбек Темірлан /Орал/

Жетекшісі Асылдана  Тлеккабуловна

 

ҚАРЫМДЫ қадам!

 

Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 17-22 наурыз аралығында халықтық және әуесқой театр режиссері, актерлерінің шығармашылық құрамы: байланыс, даму, өсу бағытында Шымкент қаласына іссапармен барып қайтты.

Іссапар «Наурыз Шымкентте басталады» жобасы аясында өтті. Ең алдымен шығармашылық құрам Шымкент қалалық салт-дәстүрлер орталығында шеберлік сағатына, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Сая Қасымбектің «Наурыз көне Шымқалада» таңғажайып хикаятын көріп, соңында автор, көркемдік жетекші және қоюшы режиссер, актерлермен талқылауға қатысты. Ал, әзіл-сықақ және сатира театрында Нил Саймонның «Әумесерлер» комедиясын, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында «Наурыз думан» /ертегі/, орыс театрында Григорий Горинаның «Атың өшсін, Герострат» /трагикомедия/ спектакльдерін тамашалады.

Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасында Сәулембай Таңшолпанның /Шымкент қалалық Әл Фараби ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар бөлімінің меңгерушісі/, Айдүйсенов Мақсаттың /Түркістан облыстық филармониясы суретші-дизайнері/, Исаева Азизаның /Шымкент қаласы Қоғамдық келісім КММ мәдени іс-шаралар бөлім меңгерушісі/ қатысуымен кездесу оздырылды. Бұл жерде осы кезге дейін жасаған әр шарамызға режиссерлік, актерлік, талдау жасалды, ұсыныстар, пікірлер айтылды.

Шымкент қаласының тұрғыны Кендебай ата этно-музейіндегі өз қолымен жасаған әрбір аспабы мен қыш құмыраларының жасалу жолдарымен таныстырып, 18 түрлі аспапта ойнайтынын көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді. Қазақстанда тұңғыш ашылған қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейімен танысып, соңында көрген «Ашаршылық» тақырыбындағы деректі фильм бізге тарихи, тың дүниелер сыйлады.

Наурыз шарасын киелі де бақ қонған Түркістан қаласында этноауыл кешінде қарсы алдық. Жібек жолы көші мен ел өнерпаздарының театрлық қойылымын, 2 тонна пісірілген көженің куәгері болды.

Осы іссапар кезінде тік тұрып қызмет жасаған барлық мекеме директорлары мен жауапты мамандарына алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, келген күннен бастап барлық баратын жерлердің алдын-ала жоспарын жасап жүрген әзіл-сықақ және сатира театрының режиссері Самат Алтай мырзаға ерекше ықыласымызды білдіреміз.

«Көп естігенше, бір рет көр» демекші, бұл да бір тарихи күндерге айналатыны сөзсіз. Ендігі міндет - жаңа толқынмен, жаңа леппен, жаңа күш-жігермен Жайық өңірінің мәдениетіне қызмет жасау.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

Көрісу мерекесі қарсаңында салт-дәстүр түрлерінен бейнебайқау

 

Облыстық халық шығармашылығы орталығы бүгінгі ахуалға байланысты Көрісу мерекесін өткізу қарсаңында ата, әже, келін, жігіт және балалар арасында салт-дәстүрдің сақталған түрлерінен бейне түсірілімдер жинақтап, әлеуметтік желілерге жариялау мақсатында ең үздіктерді іріктеді. Облыс бойынша 25 ақпан – 14 наурыз аралығында 12 аудан мен қала өз жұмыстарын тапсырды. Барлығы 65 бейнематеиалдар қабылданып, қазылар алқасының шешімі бойынша 15-і жүлделі орындарды иеленді. Түсірілім мына бағытта болды.

  1. Аталар батасы (әр ауданнан бір атаның үздік батасы)
  2. Қазына әже ( салт-дәстүрдің сақталуы)
  3. Өнегелі келін (инабаттылық,шеберлік)
  4. Ісмер жігіт (қамшы өру,ер-тұрман т.б)
  5. Зерек бала (ой-өрісінің жоғарылығы тақпақ,өлең т.б)

Қазылар алқасында облыстық халық шығармашылығы орталығы  директоры орынбасары Н.Бердашева, мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Б.Давлеткалиева, халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Е.Молдағалиев, ақпарат баслым және жарнама бөлімінің меңгерушісі А.Урынгалиева болды.

Бейнетүсірілім қорытындысы бойынша бейнетүсірілім

Аталар батасы

І орын Тулегенов Сатыбалды Бәйтерек ауданы

ІІ орын Батыршин Ахмет Сырым ауданы

ІІІ орын Кушекбаев Исянгул Бөрлі ауданы

Қазына әже

І орын Габдушева Асыл Қаратөбе ауданы

ІІ орын Рахимова Мария Бәйтерек ауданы

ІІІ орын Кенжегалиева Самига Жәнібек ауданы

Өнегелі келін

І орын Иргалиева Зауре Бөрлі ауданы

ІІ орын Тұрақбаева Қатира Бәйтерек ауданы

ІІІ орын Кадыралиева Улжан Бөкей орда ауданы

Ісмер жігіт

І орын Бижанов Досжан Ақжайық ауданы

ІІ орын Сисекешов Марат Жаңақала ауданы

ІІІ орын Қанатов Мейірбек Сырым ауданы

Зерек бала

І орын Серік Ислам Шыңғырлау ауданы

ІІ орын Амангелді Нұрым Сырым ауданы

ІІІ орын Ақылбайұлы Рысбек Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

«МАРАБАЙ таным» жобасы!!!

Негізгі ТАНЫМ:

  1. Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығы аясында рухани мұрасын нақтылау, жүйелеу;
  2. Айтылмаған өмірбаяндық деректерін іздеу, зерделеу, айқындау;
  3. Естелік материалдарды жинастырып, ғылыми айналымға енгізу;
  4. Жеке жинақ етіп шығару бағыттарында жүргізіледі.

«ЖЫР бастау» аясында!!!

Батыс өңірінде жыраулар мектебін дамыту мақсатында жасөспірімдер арасында ауданаралық онлайн жыршылар эстафетасы жақын күндері басталады...

СҮЙІНШІ, ағайын! МАРАБАЙ!

Биыл Ақжайықтың атақты жырау, жыршысы Марабай Құлжабайұлының туғанына - 180 жыл! Бұл есімде ерекше бір құт бар екені сөзсіз, 10 наурыз күні МАРАБАЙ рухы жаңғырықты! Қазақпын деген адамның делебесін қоздырып, қанын қыздыратын, ауыздықсыз асау жырларды жаңғыртатын кішкене МАРАБАЙ өмірге келді дейік, ағайын! Сондай-ақ Орал қаласының тұрғыны Дәулетқалиевтар әулетіндегі періште сәбиіміздің МАРАБАЙ ЕРТАРҒЫНҰЛЫ атануы да өмірдегі жай сәйкестік емес, текті ұрпақтың әрі жаңа замандағы жаршысы бейнесіндей! Өйткені қазақтың қанына біткен қасиет батырлық болса, ел қорғаны ерлер туралы оқиғалар «Батырлар» жыры арқылы бізге жеткені белгілі. Соның бір көрінісі – «Ер Тарғын» жыры. Сол елден ерек туған батыр жайында ең көп таралған нұсқаны жеткізген МАРАБАЙ жырау екені де айдан анық. Ал біздің өмір есігін ашқан нәрестеміздің осы есімдерді бірдей иеленуі - жақсылықтың айғағындай! Міне, бүгін қазақ жырауының 180 жылдығы мерейтойы барысында атақты тұлғаның атын да, ол жырлаған, елге танытқан жырдың атауын бірдей иемденген ерекше ұлымызға облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры М.Жұбатов, ҚР Журналистер Одағының және "Марабай таным" жобасының белсенді мүшесі Н.Сәдір арнайы барып, құрмет танытты. Бұл – елдігіміздің әрі өткенге ұлағат ете алатын болашақтың белгісі.

Атқа мінеріміздің бауы берік болсын!

«МАРАБАЙ таным» жобасы!!!

Негізгі ТАНЫМ:

  1. Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығы аясында рухани мұрасын нақтылау, жүйелеу;
  2. Айтылмаған өмірбаяндық деректерін іздеу, зерделеу, айқындау;
  3. Естелік материалдарды жинастырып, ғылыми айналымға енгізу;
  4. Жеке жинақ етіп шығару бағыттарында жүргізіледі.

Келесі жұмыс бағытын облыстық халық шығармашылығы орталығының редактор маманы Н.Сәдір Бөрлі ауданында зерттеулермен жалғастырды.

 

«Наурыз нұры» балаларға алғашқы Наурыз мерекесі

 18 наурыз күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Наурыз нұры» балаларға алғашқы Наурыз мерекесі «Ақжайық» телеарнасымен бірлескен түсірілімі өтті.

Бұл шара Наурыз мерекесін жас ұрпақтың тәліміне айналдыру, тәрбиелік, дәстүрлік, көпшілік-эстетикалық, өзге қоғамдық міндеттер атқаратын негіздерді үйлестіру, Наурыз мейрамының балалар арасындағы деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада «Наурыз нұры», «Жер-ана рухы», «Ғажайып жыл жаңасы», «Бабалардың өсиеті», «Той салтанаты», «Қыдыр баба» бөлімдерінде наурызек, наурызша, наурызшешек мереке белгілері көрініс тауып, Ұмай ана, қазақ батырларының образдары сомдалып, Алдар көсе, мифологиялық кейіпкерлер сахнаның көркін қыздырды.

Сонымен бірге Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының артистері, «Қарақат» мектеп студиясының «Жайық гүлдері», «Қарақат» би ансамблі, «Жетігеншілер» тобы, МТЖО-ның "Гүлдер" вокал студиясы, "Бала дауысы - 2020" ұлттық балалар ән байқауы лауреаты Тұрғали Әлижан, «Назерке» халық би ансамблі, халықтық «Ақжайық» би ансамблі, «ККК» би студиясы өнер көрсетті. Одан әрі облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, Қыдыр баба батасын берді.

Мерекелік шара 22 наурыз күні «Ақжайық» телеарнасынан көрермен назарына ұсынылды.