Хор және вокал жанры ұжымдарының жетекшілеріне арналған облыстық шеберлік сабағы

11-12 қараша күндері облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен хор және вокал жанры ұжымдарының жетекшілеріне арналған облыстық шеберлік сабағы өтті.Шеберлік сабағына Ақжайық, Бөкей ордасы, Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау аудандарынан хор, вокал жанры ұжымдарының жетекшілері қатысты.Бағдарлама бойынша Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы Л.Өмірзақова «Қазақ халық әндерінің үлгілері негізінде хормен жұмыс істеу әдістемесі», Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебі №2 филиалының оқытушысы А.Ақмурзина «Балалар хор ұжымдарымен әдістемелік жұмыс. Репертуар таңдау», Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы А.Батырханова «Мектеп репертуарындағы шығармалар негізінде хормен жұмыс істеу әдістемесі»,«Атамекен» өнер орталығыныңмаманы К.Көптілеуова «Хор ұжымымен  жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Шеберлік сабағы қорытындысында ұжым жетекшілеріне кәсіби білімін жетілдіріп, хор және вокал жанрының теориясы мен әдістерінен дәріс алғаны туралы шеберлік серификатын облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатовтабыстады.