ӘДІСКЕР - бағыт беруші

26 қараша күні өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық «Әдіскер» клубының «Клуб мекемелерінің есеп тапсыру бағыттары және шаралар ұйымдастыру тәжірибесі»кезекті отырысы өтті. 

«Әдіскер» клубының отырысынОХШО директорының орынбасары  Н.Бердашева ашты.Одан әрі клуб отырысының пленарлық бөлімімен жалғасып, «Облыстық мәдениет орындарының желісі, материалдық-техникалық база және жылжымалы мәдениет мекемелері, саябақ, киноқондырғылар есебін тапсыру жолдары»/мдұ бөлімі әдіскері Э.Айсина/,«Халық шығармашылығы (жанр бойынша) есеп тапсыру,халықтық атаққа ұсыну және құжаттар жинақтау тәртібі» /хш бөлім басшысы Б.Қайров/,«АҚПАРАТТЫҚ мәдениет»сұхбат-практикумы: «Жылдық есеп ақпараты» /абж бөлімі әдіскері Р.Ибраева/,«Әлеуметтік желі қолдану маңыздылығы» /мдұ бөлімі әдіскері А.Самигуллина/, «Ақпарат сауаттылығы» /абж бөлімі басшысы А.Урынгалиева/, «Облыс бойынша аудандық әдістемелік орталықтардың және мәдени-демалыс мекемелері  кадрларының құрамы мен қозғалысы, есеп тапсыру тәсілі» (форма бойынша) және «Аудандық  әдістемелік орталықтарының жұмысы» туралы /мдұ бөлім басшысы Б.Давлетқалиева/,«Статистикалық  есепті дұрыс толтыру жолдары»(формабойынша)/мдұ бөлімі әдіскері Ш.Гильманова/баяндады.

Одан әрі«Әдіскер» клубы отырысының 2 кезеңінде«Шаралар ұйымдастыру тәжірибесі» бағытындаТасқала аудандықәдістемебөлімінің меңгерушісіА.Аюпова«Алтын сақа» зияткерлік сайысы, ал Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығының шығармашылық жұмысы жөніндегі әдіскері С.ИбраемовКөшерғали Макаровтың туғанына 75 жыл толуына арналған «Сөз сөйлеймін бөлмелеп...» республикалық жыршы-термешілер байқауынөту барысы жайында тәжірибе бөлісті.

«Әдіскер клубы» мүшелері өзара сұрақтар қойып, талқылап, пікір алмасты. Шара соңында мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Давлеткалиева қатысушыларға алғыс білдірді.