«ҚЫЗ ЖІБЕК келді ортаңа» 

17 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығының концерт залында Казталов ауданы Жалпақтал ауылының үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің «Қыз Жібек келді ортаңа» концертін тарту етті.

Дәстүрлі өнердің ұлықтаушысы,ҚР Халық ағарту ісінің, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегеріХалықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің жетекшісі Баян Қабиева мен ізін жалғаушы ұлы Асылхан Бултанов асыл өнерді келешек ұрпақ бойына сіңіріп, өнер жолына шәкірт тәрбиелеп, үлкен өнер жолын ашты.

Өнер төрінен өз орнын тауып, халықтың үлкен қошеметіне бөленген «Қыз Жібек»термешілер ансамблі 2011 жылы құрылып, 2018 жылы «Үлгілі» өнерпаз ұжымы атағын иеленді. Ансамбль құрамында 30-ға жуық шәкірттер тәрбиеленуде. Бұл күнде өнер ұжымы Қазақстанды ғана емес,шет мемлекеттерде: Чехия, Германия, Болгария, Венгрия, Ресей елдеріне өнер көрсетіп, қазақтың қара домбырасын әлемге танытып, қалың жұртшылықты өнерімен таң қалдырып келеді.

Концерттік бағдарламаның шымылдығыбірнеше Халықаралық,республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Қыз Жібек» термешілер  ансамблінің алғашқы түлектері, қазіргі таңда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Назгүл Қабиева, Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ІІІ курс студенті, Айгүл Қосанованың шәкірті Асқарова Венера,Түркия еліндегі Халықаралық «Менде жұлдыз боламын» байқауына тегін жолдама алған республикалық «Менде жұлдыз боламын» байқауының лауреаты Едрес Әмина, Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Сымбат Нигметуллина, Алина Сұлтан, Айару Хамзиналар Мұхиттың «Зәуреш», халық әні «Қаламқас», «Ахау керім», Сартай термесімен ашылды. Одан әрі үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблінің орындауында Ғ.Құрманғалиевтың «Сәлем» әні,жеке дауыста Айару Хамзина, Әмина Едрес, Камила Рамазанова, Алина Сұлтан, Қадыр Мырза Әлидің «Қазақ осы», халық әні «Сары бидай», «Жас келін», халық әндерінен попурри, «Естай термесі», Абайдың «Жаз», Майраның «Майра» әнін жеке дауыста АлинаСұлтан, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнінжеке дауыста Әмина Едрес, Камила Рамазанова, «Сыпыра жырау» термесі жеке дауыста Айару Хамзина, Алина Сұлтан, «Махамбет» термесіжеке дауыста Сымбат Ниғметуллина, Алина Сұлтан, Аянат Серік, Лунара Асқарова, халық әні «Ақайша», «Қызыл құмды ауылым», Б.Тілеухановтың «Елім менің», Асылхан Бултановтың «Қазақ елі жасасын» жеке дауыста Сымбат Ниғметуллина, Айару Хамзина, ӘминаЕдрес, Алина Сұлтан, Аружан Нетқали, Камила Рамазановалар шырқады.Кеш соңында ән өнерінің ұстазы Баян Қабиева өнер сүйер көременге алғысын білдірсе, ақын Сағынтай Бисенғалиев, Амангелді Шахин, Дариға Мұштанова, өнердегі шәкірті Ернар Өмірәлі, Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Эльдар Әубекеров шынайы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.Осылайша, қазақтың үкілеген домбырасын, дәстүрлі өнерін бүкіл әлемге танытқан үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблі көрерменін рухани сусындатып, сазды әндері халық жүрегінен орын алды.