Шеберлік сабағы

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ү.ж.17-18 қараша күндері қазақ халық аспаптары оркестрі мен фольклорлық ансамбль жетекшілеріне арналған облыстық шеберлік сабағы 17 қараша күні сабақ кестелері бойыншаМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Алматы қаласынан келген ҚР мәдениет қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері,Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, Қауымдастық профессоры (доцент), Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі,«Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Төрахметұлы Тоқжанов «Домбыра, домбыра-прима, шертер, қобыз, сырнай аспаптарына арналған концерттік және педагогикалық репертуарды меңгеру әдістері» тақырыбындалекция оқып,«Қызылқұм сарыны», «Жыл он екі ай», «Қос домбыра» кітаптарын қатысушы мамандарға әдістемелік құрал ретінде ұсынса,  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы, «Құрмет» орденінің иегері, Дәулеткерей атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов «Қазақ халық аспаптары оркестрі мен фольклорлық ансамбль жетекшілеріне репертуар таңдау мәселелері» жөнінде практикалық және теориялық сабақ өткізіп, Дәулеткерей атындағы ұлт-аспаптар оркестрі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

         18 қараша күні Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарынан келген халық аспаптары оркестрі мен фольклорлық ансамбль жетекшілеріне облыстық шеберлік сабағында кәсіби білімін жетілдіргені үшін ҚР Мәдениет қайраткері,халық шығармашығы бөлімінің маманы Е.Молдағалиев облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатовтың атынансертификатжәне Алматы қаласынан келген ҚР мәдениет қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, Қауымдастық профессоры (доцент), Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Төрахметұлы Тоқжанов пен «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы, «Құрмет» орденінің иегері, Дәулеткерей атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетовке Алғыс хатын табыс етті.