Аудандық көркемөнерпаз ұжымдарының «Тәуелсіздікке тарту» өнер мерекесі

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен аудандық көркемөнерпаз ұжымдарының «Тәуелсіздікке тарту» өнер мерекесі2021 жылдың қараша айының 16 күні облыстық халық шығармашылығы орталығы концерт залында өтті.

         Өнер мерекесі Батыс Қазақстан облысы бойынша халықтық/үлгілі/ ұжымдарын ынталандыру, шығармашылық қызметтерін, біліктіктерін жоғары деңгейде көрсету, сонымен қатар әр жанрдағы дарынды адамдардың және жетекшілердің одан әрі кәсіби қалыптасуын қолдау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Әрбір «Ұлттық ұлылық», «Талант – ТАҒЗЫМ», «ТӘУЕЛСІЗДІК тілегі» /би тілегі/, «ТАРТУ» бөлімдері ел еркіндігі мерекесіне өнердің інжу-маржандары: фольклор, Халық әндері, ұлттық би, домбыра мен ұлттық аспаптар үні, ән әлемінен тарту жасады. 

Оның ішінде: аудандық және Орал қаласынан фольклорлық ансамбльдер: Ақжайық ауданы халықтық «Жайық сазы» /жетекшісі Бейбіт Аслан/, Қаратөбе ауданы халықтық «Ауыл әуендері» /жетекшісі Гүлайым Қайырғалиева/, Тасқала ауданы халықтық «Шежіре» /жетекшісі Мейірбек Аманғалиев/, жеке дауыста Мейіржан Есқалиев, Сырым ауданы халықтық Сырым сазы» /жетекшісі Жеңіс Өтеуов/, жеке дауыста Алма Жұма, Мерген Мұқанов, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаттары, дәстүрлі әншілер: Нұршат Ислямғалиев /Қаратөбе ауданы/, Айжан Мұханбетжанова /Орал қаласы/, Данияр Елеуов /Ақжайық ауданы/, Назгүл Қабиева және Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі /Казталов ауданы/,  жетекшісі. ҚР Халық ағарту ісінің, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Баян Қабиева/, Жаңақала ауданы домбырашылар тобы, Казталов ауданы халықтық Биғалиевтар жанұялық  ансамблі /жетекшісі Марат Биғалиев/, Теректі ауданының үлгілі «Өркен» балалар ансамблі /жетекшісі Гүлназ Құсайынова/, би ансамбльдері: халықтық «Ақжайық» /жетекшісі Әсел Давлетова/, Бөрлі ауданы үлгілі «Назерке» /жетекшісі Айнұр Мұқанғалиева/, Теректі ауданы үлгілі «Жұлдыз» /жетекшісі Жанар Тайшыбаева/, әншілер: Әнуар, Венера Нұрғаливтар /Ақжайық ауданы/, Мейрамгүл Дәулетқалиева /Жәнібек ауданы/, Оралхан  Ерғалиев /Казталов ауданы/, Шыңғырлау ауданы жігіттер вокалды тобы /жетекшісі Айдос Исекенов/, Қаратөбе ауданы «Ақбақай» вокалды тобы /жетекшісі Танат Жексенбаев/, Орал қаласынан  «Серілер» квартеті,  Тасқала ауданы  халықтық «Дауыс SOL» тобы/жетекшісі Думан Бекқалиев/, Жәнібек ауданынан дуэт: Райымбек Каримов пен Асылхан Боранбаев өнер көрсетті. Шара соңында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сәуле Зайдағалиқызы Карабалина  құттықтап, өнер мерекесіне атсалысқан аудан өнер ұжымдарына Алғыс хат табыстады.