Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-ұстаз Айтжан Тоқтағанның «Күй - дәурен» шығармашылық кеші

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-ұстаз Айтжан Тоқтағанның «Күй - дәурен» шығармашылық кеші 2021 жылдың 8 желтоқсан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында өтеді.

          Шығармашылық кеште Led-экраннан Айтжан Тоқтаған туралы бейнефильм көрсетіледі. Видео аяқталған кезде, хабарлаусыз халықтық «Ақжайық» би ансамблі «Нұр шашу» биін билейді. Кеш иесі Айтжан Тоқтаған қошеметпен сахна төріне шақырылады. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Қ.Нарымбетов 75 жас мерейтойымен күйшіні құттықтап, сый-сияпат табыстайды. Әдемі әуезге толы  күй кешінің  тізгіні облысымызға танымал күйші, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры Сертеков Нұржан Орынғалиұлына беріледі. Шығармашылық кеште Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі «Ақжайық, сен деп келем», Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Назгүл Хабиева Халық термесін шырқаса, «Мәдениет саласының үздігі», Дәулеткерей Шығайұлы атындағы республикалық домбырашылар байқауының  Бас жүлдегері Ербол Ғұбайдуллин  Түркештің «Байжұма» күйін орындайды, кеш соңы Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерінің  күй шеруімен аяқталады.