Қазақстанның Халық артисі, күй анасы Дина Нұрпейісова атындағы «Әсемқоңыр» республикалық домбырашылар байқауы

          Үстіміздегі жылдың 9-10 желтоқсан күндері Жаңақала ауданы  Қызылоба ауылының мәдениет үйінде  облыстық мәдениет басқармасы және Жаңақала ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы және аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен күй анасының есімін ұлықтау, күй мұраларын халыққа кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа жеткізу, домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау, жас домбырашылардың есімін ашу мақсатында Қазақстанның Халық артисі, күй анасы Дина Нұрпейісова атындағы «Әсемқоңыр» республикалық домбырашылар байқауы оздырылды.   

         Байқауда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Қызылорда,  Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының 18-45 жас аралығындағы  15 домбырашы бақтарын сынады.

         9 желтоқсан күні Жаңақала ауданының  шекарасынан аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева байқау қонақтарын қарсы алып,  күйші Мәмен Ерғалиұлы мен ҚР Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор Т.Шәмелов кесенелерінің басына зиярат етіп, құран бағыштап, әрі қарай Қызылоба ауылының мәдениет үйінде байқаудың жеребе тарту рәсімі мен  І, ІІ кезеңдері өтті.

10 желтоқсан күні ІІІ кезеңге өткен үміткерлер  жұптасып,  Дина күйлерінен  күй-тартыс жасады. Байқауға республика және облысымызға танымал мәдениет қайраткерлері мен кәсіби күйшілерден құралған қазылар алқасы: Нұр-Сұлтан қаласынан келген  ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-ұстаз Айтжан Тоқтаған /қазылар алқасының төрағасы/, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Күйшілер Одағының мүшесі, күйші Қазиев Ермек, «Күйшілер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі, Д.Нұрпейісова атындағы №1 саз мектебінің оқытушысы, күйші Кенжеғалиев Асқар, «Мәдениет саласының үздігі», Дәулеткерей Шығайұлы атындағы республикалық домбырашылар байқауының Бас жүлдегері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, күйші-ұстаз Ербол Ғұбайдулин, ҚР  Журналистер Одағының мүшесі, ақын, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Сисенғали Закария төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде - Темір Ақбөкен /Атырау облысы/, 1 орын - Зейнединов Жаслан /Батыс Қазақстан облысы/, 2 орын - Қойысова Мөлдір /Алматы қаласы/, Шаканаева Раушан /Батыс Қазақстан облысы/, 3 орын - Касумова Наргиза /Нұр-Сұлтан қаласы/, Қырғызбай Баян /Алматы қаласы/, Жақсылық Ботагөз /Қызылорда облысы/, дипломанттар: Тапалов Нұрболат /Нұр-Сұлтан қаласы/, Айтмағамбетов Мейрам /Нұр-Сұлтан қаласы/, Тілеуберген Анар /Алматы қаласы/, Бейбіт Темірхан /Алматы қаласы/, Алғыс хаттар: Нуриддинов Марат /Маңғыстау облысы/, Аманғалиев Елдос /Батыс Қазақстан облысы/, Сралиев Темірлан /Батыс Қазақстан облысы/, Қалиев Азамат /Батыс Қазақстан облысы/  марапатталды.

Аталмыш байқаудың құрметті қонақтары қатарында Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы С.Т.Дүйсенов пен ҚР Мәдениет саласының үздігі, білім беру саласының құрметті қызметкері, Құрманғазы саз колледжінің директоры Н.О.Сертеков болып, байқау жеңімпаздарының  қатысуымен Гала-концерт өтті.