Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші-ұстаз Орынбай Дүйсеннің «Күй - ғұмыр» шығармашылық кеші

 

            2021 жылдың 23 желтоқсан күні  Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші-ұстаз Орынбай Дүйсеннің «Күй – ғұмыр» шығармашылық кеші Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті.

         Осы күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Есқалиев өнер сапарымен Жайық еліне келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-ұстаз әрі жерлесіміз Орынбай Дүйсенді қабылдап, қазақ халқының рухани қазынасын дамытудағы еңбегіне алғысын жеткізді.

Шығармашылық кеш шымылдығы «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, дирижер Еркін Нұрымбетов жетекшілік ететін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Түркештің «Көңілашар» күйімен және «Әнші дауысы», «Қосбасар» І-түрі, «Шыңғырлау ұраны», «Балдырған», «Бәйтен - Тәтік»  күйлерімен жалғасты.

Сондай-ақ кеш иесі Абылдың «Абыл», Құрманғазының «Адай», «Ақбай», Сүгірдің «Шалқыма», Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең» І-түрі, Тәттімбеттің «Сылқылдақ», Динаның «Жігер», Жантөренің «Шалқыма», халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары: Әділбек Қодаров «Қосағалы Байжұма», сондай-ақ оркестрдің сүйемелдеуімен Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген шәкірті Естай Айтқұлов «Құлагер» күйлерін орындаса, Ардақ Айғалиева «Саялы Алатау кешінде» әнін  шырқады.

          Кеш соңында күйші ұстазды БҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қ.Мұханғалиев құттықтаса, туысқандары да өз лебіздерін білдірді. Орынбай Дүйсен барша көрерменге өз алғысын білдірді.

 

 

ры,