Бүгін «Атамекен» өнер ордасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мәдениет – өмір толқыны» салтанатты мерекелік шарасы өтті.

Мерекелік шараны халықтық «Ақжайық» би ансамблінің «Вальс» хореографиялық композициямен ашылып, Ж. Ғайсағалиевтің «Ән махаббат» әнін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілерінің орындауымен жалғасты. Бұдан соң мерекелік кешті «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Еділ мен Жайық» әнін А.Қажғалиев пен С.Қайырлиев жалғады. Сонымен қатар «Әлқиссаны» Қ.Мұханғалиев, «Жолдар» әнін О.Ерғалиев орындап тыңдарманды қуантты.

- Бүгінгі кештің сән-салтанаты ерекше. Себебі, «Мәдениет және өнер

қызметкерлері күні» екенін баршаңыз жақсы біліп отырсыздар. Өнер мен мәдениет елдің рухын көтеріп, көңілін аспандататын күн. Өнер саласында қызмет еткен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын!, -деді облыс басшысы Ғ. Есқалиев.

Салтанатты жиында мәдениет пен өнерге қызмет еткендер Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісі, облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

суретті түсірген Аскар Бекчурин