Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдаумен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Асантемір Қаршығаұлының "ДАЛА-кеуде" шығармашылығы өтті. Кешке арнайы келген қазақтың классик ақыны Тыныштықбек Әбдікәкімов және оның жары филология ғылымдарының кандидаты Шағангүл Жанаева жазушы Қуандық Түменбай қатысты. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сөз алып, ақынға сәттілік тіледі. Шығармашылық кеште ақынның "ШІДЕРЛІ ШЕР" жыр жинағының тұсауы кесілді. Ақынға ағалары ақжарма тілек арнап, Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО Жазушылар Одағының Орал Филиалы басшысы Бауыржан Ергенұлы ертоқым тарту етті.