ҚР Президенті Қ.Тоқаев жариялаған «Балалар жылы»  аясында дарынды балаларды анықтау және дамыту мақсатында 19-20 сәуір күндері облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі 5 аталым бойынша оздырылды: эстрадалық вокал, хореография, халықтық музыка (домбыра), домбырамен ән салу, жыр айту, поэзия.

          Фестивальге аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен екі жүзге жуық үміткер қатысты.

          19 сәуірде –  фестивальге қатысушыларға арналған танысу кешіал, 20 сәуір күні сағат 10.00- іріктеу кезеңдері басталды

Жас таланттардың өнерін    мәдениет және өнер майталмандарынан құрылған қазылар алқасы: Фархат Оразов /Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі, Халықаралық, республикалық жыршы-термешілер байқауының лауреаты/, Дария Бахитова /ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі/, Асылхан Қазиев /ҚР Мәдениет саласының үздігі, Батыс Қазақстан күйшілер одағының мүшесі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты/, Талғат Мықи /ҚР Жазушылар Одағының мүшесі , ақын,  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының маманы,ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист/, Асантемір Қаршығаұлы / ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист/, Қарлығаш Қадырбекова /Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас балетмейстері, «ККК» би студиясының директоры, өнертану магистрі/, Әсел Давлетова/Халықтық «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі, «Өнер саласының үздігі»/ бағалады.

          Түстен кейін гала концерт және жеңімпаздары марапаттау рәсімі өтті. Гала концерттің шымылдығы арнайы бейнероликпен бастау алып,  «Diva dance» би студиясының ансамблінің биімен жалғасын тапты. Гала концертте облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов құттықтау сөз сөйледі.

Облыстық фестивальдің жүзден жүйріктері анықталып:

 «Поэзия» жанры бойынша

І орын - Қыден Дастан /Жаңақала ауданы/

ІІ орын - Рахат Инабат /Орал қаласы/

                                 Қабибулла Бейбарыс /Орал қаласы/

III орын - Дильназ Сағындыққызы /Бөкейордасы ауданы/

                       Айбибі Қайырғалиева /Теректі ауданы/

                       Айсезім Қаспай /Сырым ауданы/

«Халықтық музыка /домбыра/» жанры бойынша

І орын - Рахман Қойшекен /Тасқала ауданы/

ІІ орын - Жанболат Абулхайырұлы /Бәйтерек ауданы/

                      Томирис Тапалова /Казталов ауданы/

III орын - Құмар Ернияз /Бөкейордасы ауданы/

                       Қажетдин Темірлан /мектептен тыс «Шабыт орталығы»/

                       Рысқали Расул /Орал қаласы/

«Хореография» жанры бойынша

І орын - «Ай - Дарын» би ансамблі, жетекшісі Айдана Жусупкалиева /Ақжайық ауданы/

ІІ орын - Үлгілі «Назерке» би ансамблі, жетекшісі Айнұр Мұқанғалиева/Бөрлі ауданы/

                                         Үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі,жетекшісі Сәуле Сүндетова/Бөкейордасы ауданы/

III орын - Халықтық «Қарлығаш» би ансамблі, жетекшісі Хамзина Дильназ/Казталов ауданы/

                                  Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі, жетекшісі Эльянора Валиева/Жаңақала ауданы/

                                 «Еркеназ» би ұжымы, жетекшісі Екатерина Шуланбаева /Бәйтерек ауданы/

«Домбырамен ән салу, жыр айту» жанры бойынша

І орын - Ерешов Саят /Казталов ауданы/

ІІ орын - Бекзат Баян/Орал қаласы/

                                Арғын Темірғали/Теректі ауданы/

III орын - Баянғали Айлиза /Сырым ауданы/

                 Диас Пауеденов /Қаратөбе ауданы/

                 Тілеш Сабина /Бөкейордасы ауданы/

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша

І орын иегері - Сарым Саян,Мереке Инсар /Тасқала ауданы/

ІІ орын иегерлері - Наз квартеті /Бөкейордасы ауданы/

                                Кәусар триосы /Ақжайық ауданы/

III орын иегерлері – «Әгугай» вокалдық тобы /Орал қаласы/

                                 Амангелді Зинира,Орынғали Жанель /Шыңғырлау ауданы/

                                Үлгілі «Өркен» вокалдық ансамблі/Теректі ауданы/ марапатталды.

Фестивальге «КазКонструкшенГруп» ЖШС бас директоры Мухамбедиев Мұратбек Қайырсапаұлы жүз мың теңгелік демеушілік жасады. Сонымен қатар «Золотая черепаха» ЖШС оқу орталығы директоры Антон Алексеев барлық жанрлар бойынша екінші орын иегерлеріне бір айлық оқуға 50 пайыз және үшінші орын иегерлеріне 20 пайыз жеңілдік сертификаттарымен өз тараптарынан демеушілік қолдау білдірді.

Гала концертте алғаш рет облысымыздың жарық жұлдыздары Айзат Айдосұлы, Алижан Тұрғали, Сұлтан және Бейбарыс Гарифуллиевтердің орындауында Мархаббат Серіковтың сөзіне жазылған Райымбек Самигуллиннің әні «БАЛДӘУРЕН» әнұранының тұсауы кесілді.

«БАЛДАУРЕННІҢ» ЖҰЛДЫЗДАРЫ биікте жарқырай берсін!