«Туған жерім – ең көрікті мекен» отбасылар арасында облыстық қашықтық онлайн викториналық сайысы

2020 жылдың 30 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысымен, мәдениет басқармасының қолдауымен патриоттық тәрбие, отбасы құндылықтарының мәнін арттыру мақсатында «Quizizz» платформасында облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп өткізді. Викторина сайысы туған өлке тарихы, табиғаты, геологиясы, шаруашылығы жөніндегі 25 сұрақ, 3 нұсқадан болды.

Онлайн байқау барысы  «Screencast-O-Matic» бағдарламасымен тікелей эфирде ортақ чат арқылы жүргізілді. Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен қала тұрғындарынан 16 отбасы, 79 отбасы мүшесі қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Мұқановтар жанұясы /Орал қаласы/, 1 орынды  Дауловтар жанұясы, 2 орынды Утебаевтар жанұясы /Казталов ауданы/, 3 орынды Рамазановтар жанұясы иеленді.