Эпик жыршы Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығына арналған мәдени шара

ӘДІСКЕР - бағыт беруші

Шеберлік сабағы

«ҚЫЗ ЖІБЕК келді ортаңа» 

Аудандық көркемөнерпаз ұжымдарының «Тәуелсіздікке тарту» өнер мерекесі

Хор және вокал жанры ұжымдарының жетекшілеріне арналған облыстық шеберлік сабағы

Халық композиторы, әнші Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына арналған «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы ақпараты

Күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Күй құдіреті» республикалық домбырашылар байқауы 

Биіктік пен тереңдіктің жыр бәйгесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.

Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16-19 маусым күндері  аралығында  облыстық  "Әдіскер" клубы мүшелері  "Руханият" мәдени - туристік жобасы аясында Түркістан каласының киелі орындары мен мәдени-тарихи  нысандарына тәжірибе алмасу мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығы және Бәйтерек, Бөкей ордасы, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау ауданының әдіскер мамандары - барлығы 11 адам туристік саяхатқа шықты.

Батыс Қазақстан облысының облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастыруымен 15 маусым күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халықтық «Ақжайық» би ансамблінің негізін қалаушы Құрамыс Ғаббасов атындағы онлайн-облыстық би байқауы өткізілді.

Алғаш рет оздырылған облыстық би байқауының мақсаты - Батыс Қазақстан облысындағы би ұжымдарын арасында Құрамыс Ғаббасовтың есімін дәріптеу, өнерпаз ұжымдарға қолдау көрсету.

Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер 2 би: 1.Халық билері -  /Құрамыс Ғаббасовтың қойып кеткен билерінің біреуіне би қойылымын қою/ «Қос алқа», «Ерке сылқым», «Молдаванеска» /Молдавский/, «Құдаша», «Алатау», «Балбырауын»  міндетті түрде, 2-ші еркін тақырыпта қатыстырылды.

Жалпы онлайн байқауға облыс бойынша  9 «халықтық» /«үлгілі»/, оның ішінде облыстық халық шығармашылығы орталығы жанындағы үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі және аудандық би ансамбльдері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі /жетекшісі Қарлығаш Саматова. Орал қаласы/

І орын – үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі /жетекшілері Жанар Тайшыбаева, Дана Темергалиева. Теректі ауданы/

ІІ орын – үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі /жетекшісі Сәуле Сүндетова. Бөкей ордасы ауданы/

ІІІ орын – үлгілі «Сымбат» би ансамблі /жетекшісі Қайсар Биғали. Ақжайық ауданы/

Дипломантар

Үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі /жетекшісі Элеонора Валиева. Жаңақала ауданы/

Үлгілі «Айналайын» би ансамблі /жетекшісі Гүлшат Нұрмұханова. Сырым ауданы/

Халықтық «Керім-ай» би ансамблі /жетекшісі Жазира Отаргалиева. Қаратөбе ауданы/