«МАРАБАЙ таным» жобасы!!!

Негізгі ТАНЫМ:

  1. Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығы аясында рухани мұрасын нақтылау, жүйелеу;
  2. Айтылмаған өмірбаяндық деректерін іздеу, зерделеу, айқындау;
  3. Естелік материалдарды жинастырып, ғылыми айналымға енгізу;
  4. Жеке жинақ етіп шығару бағыттарында жүргізіледі.

Алғашқы жолында облыстық халық шығармашылығы орталығында жоба бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.

 

«Көктемнің басы - көрісу» мерекелік шара

     Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана залында Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдени-ағарту бірлестігінің МКҚК қолдауымен, «Гүлдәурен» балалар аула клубының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауын талқылау дөңгелек үстелі оздырылды.

     Облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің басшысы А.Урынгалиева «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» баяндамасымен спикер ретінде қатысты. Бір қуантарлығы: Ел Президентінің жолдауы бойынша іс-қимыл әрекеттер кезеңі мадақталып емес, дөңгелек үстелге қатысушылар айқын жоспарлармен ой бөлісті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының 2020 жылдың 10 айлық қаржыландыру жүйесі

 

Жалпы қаржыландыру 2020 жылдың 10 ай ішінде - 77192 мың тенгені құрайды. Оның ішінде: 52959,0 мың теңге қызметкерлердің жалақысына бөлінді.

Коммуналдық қызметтер үшін – 1996,0 мың теңге, байланыс қызметтері - 700,0 теңге, іссапар шығындары - 1694,0 теңге, кеңсе техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, автомобильдерді жөндеу, ғимараттарды күту және т.б. қызметтері - 1282,0 мың теңге, жанар-жағармай және басқа материалдарды сатып алуға - 1546,0 мың теңге, мәдени іс-шараларды өткізуге - 17015,0 мың теңге.                                                                                                                  

Осы күнге мемлекеттік сатып алуға жалпы сомасы - 14397,7 мың теңгені құрайтын 87 келісімшарт жасалды. Оның ішінде бір көзден алынған әдіс бойынша (39-бап, 46-тармақ) 23 келісімшартпен жалпы сомасы - 6650,4 мың теңге, баға ұсыныстарын сұрату әдісі бойынша - 572,4 мың теңге сомасына 14 келісімшарт, бір көзден 39 баптың 42-48 тармағы келісім шарты бойынша - 7152,4 мың теңге, орындалмаған баға ұсыныстары үшін 2 келісім шарттар - 22,5 мың теңге.

Облыстық халық шығармашылығы орталығында 2020 жылдың 10 ай ішінде 7 мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге және дайындық жұмыстарына жалпы сомасы 13305,4 теңге қаражат жұмсалды.

 Оның ішінде:

  • 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – жұлдызды әлем» мерекелік шара ұйымдастырылып, облысымыздағы мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері марапатталды. Мәдени шараға 354,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
  • Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт /сөз бен бояу/ онлайн байқауы оздырылды. Республикалық байқауға 3552,4 мың теңге қаражат жұмсалды. Оның ішінде жүлдегер қоры 2400,0 мың теңгені құрайды.
  • Күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы, күй өнерінің аса көрнекті орындаушысы Науша Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойларына арналған «Күмбірлеген күміс күй» республикалық домбырашылар байқауы оздырылып, смета бойынша 3620,0 мың теңге, оның ішінде жүлгелер қоры 1400,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
  • Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтың 80 жылдық мерейойына орай Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» ән фестивалінің әр жылғы лауреарттарымен Ескендір әндерінен попури челленджісіне арнайы видеоклип түсірілімі жасалынып, әлеуметтік желілер арқылы көрермен назарына ұсынылды. Композитордың «Попури» әнінің кәсіби өңделуіне, видеоклиптің түсіріліміне 685,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
  • Наурыз мейрамы және Көрісу айт мерекесіне арналған мәдени-көпшілік шараларының дайындық жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде театрландырылған және хореографиялық композициялық қойылымына және сценарий бойынша қажетті реквизиттерге 802,0 мың теңге қаражат жұмсалса, сахналық костюмдер тіктіруге 2210,0 мың теңге қаражат жұмсалды.
  • Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына орай «Жұбан энциклопедиясы» кітаптары 100 данадан 1982,0 мың теңгеге сатып алынды.
  • Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріковтің 80 жас мерейтойына естелік сыйлығы мен гүл шоғына 100,0 мың теңге жұмсалды.

План госзакупок

Реестр договоров

 

Облыстық «Event тәжірибе» онлайн семинар-практикумы

​         2020 жылдың 11 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімі және Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен облыстық «EVENT тәжірибе» семинар-практикумы @karatobemdo ашық инстаграмм парақшасында онлайн түрде оздырылды.

Әдіскерлердің өзара тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық деңгей мен ой-өрісі шеберліктерін шыңдау мақсатында өткен семинар-практикум Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғ.Қайырғалиевтың алғысөзімен басталды және Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Н.Айтқалиев мәдени-демалыс орталығының жұмысымен таныстырды.

Одан әрі «Мәдени қызмет – мерейлі міндет» бөлімінде «Қайырлы кеш, Қаратөбе!» шоу-бағдарламасы бейнебаян арқылы көрсетіліп, талданды. Сонымен бірге З.Сағындықова «Сергіту сәті» тренингін өткізсе, «Бастау» комьюнити орталығының жетекшісі Р.Жұмағалиева орталық жұмысы туралы баяндап, жастар мен балалар бөлімінің меңгерушісі М.Ысқақованың «Сіз біз туралы білесіз бе?» тренингімен жалғасын тапты.

Семинар-практикумда әдіскер мен мәдени шара ұйымдастырушылар озық тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

 

 

 «Күмбірлеген күміс күй» республикалық домбырашылар байқауы

 

2020 жылдың 27-28 қазан күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жастар мәдениет үйінде күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы, күй өнерінің аса көрнекті орындаушысы Науша Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойларына арналған «Күмбірлеген күміс күй» республикалық домбырашылар байқауы өтті.

Дәулеткерей Шығайұлы мен Науша Бөкейхановтың музыкалық шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас орындаушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру, жаңа есімдерді таныту мақсатындағы байқауға Алматы, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысы аудандары мен Орал қаласынан 14 үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Байқау үш кезеңнен: І кезеңде Дәулеткерейдің «Аңшылық», «Топан», «Қыз Ақжелең-І түрі», «Салық өлген», «Қосағалы» және Наушаның  «Байжұма», ІІ кезеңде «Тұндырма», «Жігер», «Бұлбұл - ІІ түрі», «Желдірме», «Көркем ханым», «Ысқырма» күйлерін жеке орындаса, ІІІ кезеңде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы ұлт-аспаптар оркестрімен бірлесе Құрманғазының «Түрмеден қашқан», Дәулеткерейдің «Қос ішек», «Көроғлы» күйлерін шертті.

Өнер додасына кәсіби күйшілерден құралған қазылар: ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артисі, күйші, қазылар алқасының төрағасы Ермек Қазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, профессор, күйші-ұстаз, Дәулеткерей күйлерін зерттеуші және барлығын күйтабаққа түсірген Карима Сахарбаева /Алматы қаласы/, Республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының “Құрметті профессоры”, домбыра жасау шебері, күйші Едіге Нәбиев, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының «Құрмет» орденінің иегері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, күйші Еркін Нұрымбетов, «Мәдениет саласының үздігі», Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры, күйші Нұржан Сертеков, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Дәулеткерей Шығайұлы атындағы республикалық домбырашылар байқауының Бас жүлдегері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, күйші Ербол Ғұбайдуллин, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Маулет Жұбатов төрелік етті.

            Байқау қорытындысы бойынша: Бас Жүлде /500 000 теңге/ - Жәнібек Жәмиев /Атырау қаласы/, І Орын /300 000 теңге/ - Назерке Базарбаева /Алматы қаласы/, ІІ Орын /150 000 теңге/ - Қайрат Жұмағалиев /Атырау қаласы/ пен Ақылбек Бектасов /Алматы қаласы/, ІІІ Орын /75 000 теңге/  - Азамат Шынаров /Алматы қаласы/ пен Наргиза Касумова /Орал қаласы/ иеленсе, Қазақ музыкасының «Алтын қорына» Махамбет, Құрманғазы, Нақыш, Мүсірәлі, Соқыр Есжан, Қожақтың күйлерін берген  шебер орындаушы, Махамбет атындағы сыйлықтың, «Халық күйшісі» атағының иегері, елге еңбегі сіңген құрметті зейнеткер Өтеген Жұмашев ағамыз           90 жасқа толуына орай, халық күйшісі «Өтеген Жұмашев атындағы арнайы жүлде» Бауыржан Сейдәліге /Қызылорда қаласы/ /100 000 теңге/ бұйырды. Оралдық Әлібек Қуанышалиев пен Әділбек Қодаров дипломант /25 000 теңге/ атанды.                      

 

Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған салтанатты жиын

         9 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастыруымен Қазақстан кәсіподақтары күніне орай салтанатты жиын оздырылды. Салтанатты жиынға БҚО мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, БҚО спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров, «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Б.Атауов, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов, құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғ.Сахипов, «Батыс Су арнасы» қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Иликпаева және БҚО кәсіптік одағының белсенділері қатысты.

Мерекелік шара «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың бейнеқұттықтауымен ашылды, одан кейін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.Батырханов кәсіподақ бастауыш ұйымдарын кәсіби мерекесімен құттықтап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен біріккен Құрмет грамотасын БҚО мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов және БҚО спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияровке табыстады.

«Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Б.Атауов құттықтау сөз сөйлеп, Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен: «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көлік бөлімінің экскаватор жүргізушісі В.Давыдов, облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы М.Даулбаева, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының аудармашысы Р.Есенбаева, «Орал Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Жайық Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, қалалық мәслихат депутаты Т.Тілемісов,         ҚР кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен: С.Успанов, ҚР кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Батыс Су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы А.Шамаева, ҚР кәсіподақтар федерациясының мерейтойлық  марапатымен: Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің киножүйе меңгерушісі А.Днекешева, ҚР кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен: Бөрлі аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Ә.Бердібекова, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының сату бойынша кеңесші заңгері Ж.Даулетьяров, Бас энергетиктер қызметінің желілік электромонтёрі Л.Ломакина, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының  электр және газ дәнекерлеушісі М.Мажекеров, Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Отарғалиева, «Жайық пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі М.Серғазиева, БҚО аумақтық инспекциясының кадрлар, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары Т.Теміралиев, «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының Алғыс хатымен: «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамының электрмонтёрі А.Есенғалиев, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының өндіріс бөлімінің инженері Г.Ирменова, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамының сенім бөлімінің жетекші инженері Б.Рамазанов, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының жылу инспекциясы және есепке алу бөлімінің инженері О.Савинкова, сонымен бірге «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО төрағасы А.Батырханов бір топ белсенділерді марапаттады. Олар: «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен: «Жайық пресс» медиа-холдингі директорының орынбасары Ғ.Сейтақ, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының солисі А.Жұмалиева, облыстық халық шығармашылығы орталығының бас есепшісі. Г.Қуанышева, қалалық мәдени-ағарту мекемесінің методисі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Абилова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының» Құрмет грамотасымен: халықтық «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі Ә.Давлетова, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының солисі Г.Калашникова, облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскер мамандары Б.Қайыров, А.Айсина, костюмері В.Кажымова, №3 облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымының мейірбикесі К.Есентаева, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының бишісі М.Танатова, «Жайық Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Наушин, БҚО филиалының салалық кәсіподақтар қызметкерлерінің Алғыс хатымен: № 5 облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі Н.Мустахова, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директоры А.Қажғалиев және кәсіподақтар мерекесі қарсаңында мекеме-ұжымдар арасында жарияланған құттықтау-тілектер /бейнеролик/ байқауында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы «ҮЗДІК ҚҰТТЫҚТАУ» аталымымен марапатталды.

Мерекелік шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатовтың қорытынды сөзімен аяқталды.

25-27 қыркүйек күндері облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған халықтық театр режиссерлері мен актерлеріне арналған «Режиссерлер» марафоны өз мәресіне жетті! Алғаш рет өткізіліп отырған марафон ерекшелігі - ортақ бір пьеса беріліп, сол бойынша режиссерлік талдау жасалуы қажет.  Мақсаты – өзара тәжірибе алмасу, жаңаша идея мен шығармашылық шыңдалу.

Шараны актер, режиссер, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың көркемдік жетекшісі Данияр Базарқұлов  /Алматы қаласы/ онлайн форматта жүргізді.

Шыңғырлаулық Жалғасбек Мырзагереев «Үздік режиссер» атанып ортақ талданған Р.Отарбаевтың «Абай-Сот» пьесасын сахналауға мүмкіндік алды және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

26 қыркүйек күні, ұлтымыздың біртуар перзенті, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, ерекше «Мен қазақпын» үнімен оқшау келген дара тұлға, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиев Жайық төрінде тұтас бейнесі сомдалған үлкен ескерткіш болып бой көтерді. Ақын бейнесі – халқының, жерлестерінің «елім» деген еріне құрметі.

Сонымен бірге бүгінгі ел тойына ақынның жары Софья анамыз бастаған ұрпақтары, қазақ абызы Асанәлі Әшімов, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман, Жұбан атамыздың “Қазақстан” өлеңінің авторы, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев, қазақтың Қадырының жары Салтанат апамыз, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Асхат Маемиров қатысты.

Елдіктің мұрасы болар бұл шара ақындық даралыққа бас игізіп, «Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, айта бергім келеді, айта бергім» деп өзі жырлағандай, Жұбан ағаның рухы мәңгі жасайтынын танытты. Бүгінгі күн үшін, жас ұрпақ үшін аманат айтылғандай, салтанатты сәт бүлдіршіннің ақын бейнесімен сырласуынан басталып, қазақтығына мақтаныш ұялатқан, отаншылдық, елдік рухты биіктеткен қазақ жастарының өршіл дауысты үндерімен жалғасты, яғни, «Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын, ата мирас мәңгілік дүние боп» деген Жұбан сөздері орындалды.

Әрі қарай ескерткішті ашу құрметі ақынның асыл жары Софья апамызға, облыс әкімі Ғ.Есқалиевқа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері А.Бақтыгереева және өлкетанушы, профессор Ж.Ақбайға ұсынылды. Одан кейін осы шараның басы-қасында жүрген облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы, Жұбан атаның аяулы жары Софья апамыз, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Жұбан атамыздың жыр әлеміндегі тілекші қарындасы, өміршең өлеңдерімен елінің ақ шағаласына айналған ақын Ақұштап Бақтыгереева, мүсінші Серік Рустамбеков, Халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған “Қиял қанаты” республикалық онлайн дуэт байқауының жеңімпаздарының бірі, ақын Сағынтай Бисенғалиев құттықтау сөз сөйледі.

Ескерткіш авторлары – белгілі мүсінші-сәулетшілер Серік Рустамбеков пен Ербол Зиябеков. Олардың айтуынша, ескерткіштің жалпы биіктігі - 5,2 метр, мүсіннің биіктігі - 3,5 метр, қоладан жасалған, ал тұғырдың /табиғи гранит/ биіктігі - 1,7 метр.

Иә, халқының арманын, ұлылығын бір ауыз сөзге сыйдырған ақынын жұрты әрқашан қадірлейді. Кие тұтады. Жалынды жырларымен Жұбан ақын келешекке үміт артады, жасай береді!

 Жұбан орталығына сыйлықтар табысталды

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт /сөз бен бояу/ онлайн байқауында бәйгеге түскен өнер туындыларын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов және облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Маулет Жұбатов Ақжайық ауданындағы Жұбан орталығына қою үшін аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке табыстады.

«DOMBYRA» ұлттық телеарнасы шығармашылық тобының Батыс өңіріндегі түсірілімі

         Ұлттық мәдениетті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері облыстық тарихи өлкетану музейінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және Домбыра Ұлттық телеарнасы ұжым басшысы Қанат Құдайбергенұлы Ержігітовтің  басшылығымен Батыс өңіріндегі дәстүрлі күйші, әнші, жыршы-термешілерінің қатысуымен телеарна түсірілімі өтті.

Ғасырдан-ғасырға жалғасқан алтын өзекті, құнды мұраларымыз жыр-термелерді қасиетті Ақжайық елінің мақтанышы мен даңқына ие болған жыршы-термешілер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сауле Таудаева, «Құрмет» орденінің иегері, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» Қайрат Кәкимов, Ернар Өмірәлі, Мұхит Бірәнов /Бөрлі ауданы/, Гүлжамал Қайбалиева /Ақжайық ауданы/, Артур Сисенов /Бәйтерек ауданы/, Мұхамбет Мамықов, Мерген Мұқанов, Армат Алдамжаров /Сырым ауданы/, Нұршат Исламғалиев /Қаратөбе ауданы/, Лаура Мұханбетжанова /Орал қаласы/, жас әнші термешілер Фархат Оразов, Назгүл Қабиева және т.б. Мұхит, Ғарифолланың және халық әндерін орындады.

Одан әрі Жастар мәдениет үйінде Батыс өңірінде күй өнерінің дамуына үлес қосып, бірнеше республикалық, халықаралық өнер додаларында топ жарып жүрген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, күйші Қырымгерей Қажымов, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  «Құрмет» орденінің иегері, күйші Ермек Қазиев, Республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, домбыра жасау шебері, күйші Едіге Нәбиев, «ҚР Мәдениет саласның үздігі» төс белгісінің иегері Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, күйші Ербол Ғұбайдуллин, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы Асылхан Қазиев, Республикалық домбырашылар байқауының лауреаты Аңсар Бердіғалиев, Жеңіс Өтеуов, Гүлден Бақтығалиева саусақтарынан күй төгілте орындады және жас күйшілерден  Ерлан Сертеков, Наргиза Касумова, Руслан Мамықов, Тұрлыхан Абуханов, Әділбек Қодаров, Ғарифолла Наухановтар күй өнерінің классиктері: Құрманғазының «Сарыарқа», «Төремұрат», «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Ысқырма», Динаның «Бұлбұлы», «Домалатпай», «Жігер», «Науайы» т.б күйлерімен қатар Тұяқберді Шәмеловтің бірнеше күйлерін төгілтті.

Қазақтың дәстүрлі әні мен күмбірлеген күйі бүгінгі ұрпақты халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасымен сусындата берері сөзсіз.