Үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт /сөз бен бояу/ онлайн байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты - Жұбан ақын әлемін насихаттау, ақын тұлғасын асқақтату, өнер альянсын /поэзия мен сурет үндестігін/ таныту, көркемдік шығармалар және поэзиялық бейне арқылы ақын портретін мәдени мұраға айналдыру.

Байқау онлайн түрінде өтті. Байқауға Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облысы және Батыс Қазақстан облысынан бір ақын, бір суретші /дуэт түрінде/, барлығы  17 жұп, 34 үміткер қатысты. Әр облыс үміткерлерінің өлең және сурет туындысы дуэт түрінде /көркемдік, бейнелік, композициялық шешім үйлесімділігі/ қабылданып, бір туынды ретінде бағаланды /ақынның ойын суретші бояу тілімен баян етеді/ және бірдей жүлде тағайындалды.

Қазылар алқасы құрамында: Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ақын-ұстаз, Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі, журналист, жұбантанушы, ақын Үзілдік Елеубаева, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Ғайсағали Сейтақ, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолда, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық суретшілер Одағының төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, доцент, композитор, өнертанушы, «Өнер» қоғамдық қорының директоры, суретші Қуандық Мәдір Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі Оразғалиев Қайыр төрелік етіп, қазылар алқасы шешімімен:

Бас жүлде – Алпысбай Хонж /ақын/, Жеңіс Молдабеков /суретші/

/Павлодар қаласы/

І орын - Сағынтай Бисенғалиев /ақын/, Ізбасаров Данияр /суретші//Орал қаласы Ақжайық ауданы/

ІІ орын - Сыйлыхан Жұмасалық /ақын/, Нұртай Жәрдемов /суретші//Орал қаласы Жаңақала ауданы/

ІІІ орын - Жанат Тілегенов /ақын/, Ерсін Темірғалиев /суретші//Қарағанды қаласы/

Дипломант - Марлен Ғилымхан /ақын/, Арман Имашев /суретші//Орал қаласы/

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Қолөнер - сырлы өнер» сәндік қолданбалы өнердің /зергерлік бұйымдар/ облыстық ОНЛАЙН байқауы

 

30 шілде күні облыстық халық шығармашылығы орталығының халық шығармашылығы бөлімі ұйымдастыруымен «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Қолөнер - сырлы өнер» сәндік қолданбалы өнердің /зергерлік бұйымдар/ облыстық онлайн байқауы оздырылды.

Байқаудың мақсаты - ұлттық рухымызды, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптеу, облыс көлеміндегі  қолөнер шеберлерінің жұмыстарын, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, жас зергерлердің шығармашылығын насихаттау.

Байқауға облысымыздың аудандары мен қала орталығынан 18-35 жас аралығындағы 8 үміткер: Орал қаласынан Сарманбеков Самат, Зайнушев Қуаныш, Жанболат Айназ, Көбенов Қанат және Құсаинова Зухра /Ақжайық ауданы/, Мұхамбетова Эльвира /Бәйтерек ауданы/, Біләлова Меруерт /Жаңақала ауданы/, Айболат Айбек /Қаратөбе ауданы/ қатысып, бақтарын сынады.

Байқау қашықтықтан ұйымдастырылды. Байқауға қатысушының шығармашылық жұмыстары белгіленген  электронды  поштаға   қабылданып, өз ісінің кәсіби мамандарынан құрылған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

І орын  Сарманбеков Самат /Орал қаласы/ - нажмите для просмотра

ІІ орын Айболат Айбек /Қаратөбе ауданы/ - нажмите для просмотра

ІІІ орын Зайнушев Қуаныш /Орал қаласы/ - нажмите для просмотра

 

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Ұлы дала дәстүрі» облыстық қашықтық онлайн викториналық сайысы

 

         Облыстық халық шығармашылығы мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімі ұйымдастыруымен  2020 жылдың 22 шілде күні сағат 10.00-де «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында «Ұлы дала дәстүрі» облыстық қашықтық онлайн викториналық сайысы «Quizizz» платформасында өтті.

         Шараның мақсаты бүгінгі күні ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырта отырып, рухани құндылықтарды насихаттау әрі тәлім-тәрбиеге жетелеу.

         Сұрақтар мазмұны қазақ халқының бүгінгі күнге жеткен және ұмытылып қалған көне дәстүрлері: тәрбие және отау көтеру дәстүрі, отбасы және ислам дәстүрі туралы 25 сұрақ, 3 варианттан болды.

 Байқау алдында қатысушылардың «WhatsApp» желісіндегі ортақ тобына интернет жүйесіне қосылғандығын тексеру үшін 7 сұрақ сілтемесі жіберілді. Кейін негізгі 25 сұрақтың сілтемесі ортақ чатқа жіберіліп, үміткерлер сілтеменің үстінен басу арқылы автоматты түрде сайысқа түсті.

         Байқауға аудандар ғана емес, шалғай ауылдардан 9 отбасы, оның ішінде, ережеге сәйкес, 58 жастан жоғары ата-әжесі және 10-13 жастағы немересі, барлығы 27 адам қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша:

І орын – Жұмағалиевтар жанұясы (Теректі ауданы Ақжайық ауылы)

ІІ орын – Шорабаевтар жанұясы  (Шыңғырлау ауданы)

ІІІ орын – Бисембаевтар жанұясы (Сырым ауданы Өлеңті ауылы)

 

"Әдіскер" клубының "Клуб құрылымдарымен жұмыс" онлайн-семинары

1 шілде күні облыстық халық шығармашылығы орталығы мәдени демалыстарды ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен @adisker_2020 атауымен жабық инстаграмм парақшасында тікелей эфирде облыстық «Әдіскер» клубының "Үйірме жұмысы" тақырыбымен онлайн-семинар өткізілді. Облыстық және қалалық мәдениет мекемелерінің әдскерлеріне көмек ретінде барлық құжаттар алдын-ала инстаграмм парақшаға жүктеліп, 12 аудан мен 2 қалалық мәдениет ошағынан барлығы 24 әдіскер қатысты.

Алдымен бағдарламада: Клубтық құрылымдар, қызмет түрлері туралы Б.Давлеткалиева, үйірме құжаттарымен  Н.Саинова таныстырды, клубтық құрылымдардың жылдық есебі туралы Ш.Гильманова және тақырып бойынша ватсап желісінде қойылған сұрақтарды Э.Айсина жүйелеп, тікелей эфир соңында жауап берді. Тікелей эфир GTV-да /бейнебаян/ сақтаулы тұр.

Сонымен қатар онлайн-семинардың құжаттары мен әдістемелік нұсқаулықтардың электронды нұсқасы: үйірме жұмысының қажетті іс-құжаттар тізімі, клубтық құрылымдардың ережесі, көркемөнерпаздар ұжымының паспорты, есепке алу журналы, толықтыру үлгісі, негізгі мөлшер, "В помощь руководителю клубного формирования" материалы  және әдістемелік нұсқаулық мәдениет мекемелерінің электрондық поштасына жұмыстану үшін жіберілді.

Облыстық «Әдіскер» клубы онлайн-семинар өткізу кестесін құрып, әр ай сайын @adisker_2020 арнайы атауымен жабық инстаграмм  парақшасында /тікелей эфир /кесте бойынша өткізіліп, өз жалғасын табады.

Айтыс ардагері Ақжайық төрінде

Айтыс - ұлттық құндылық. Ал, осы мұраның сақталуы, ұлықталуы үшін де өткенді саралап, бүгінгіні бағалап отыру – бәрімізге міндет. Соның ішінде жыр өнерінің рухани өлшемін арттырып, өрістеуіне жол ашқан айтыс өнері аға буынның еңбегін тану, олардың есімін әрқашан тәрбие мектебіне айналдыру – өнер орталығының қайнар көзіне айналды.

Дәл бүгінгідей атаулы күні облыстық халық шығармашылығы орталығының мәжіліс залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Айдар Батырханов және өңір өнер майталмандары бас қосты.

Бұл басқосуда 60 жылдық тарихы бар Жайық айтысының дамуына сүбелі үлес қосып, айтыссүйер халқының ыстық ықыласына бөленген, республикаға танымал суырыпсалма айтыскер ақын Сәрсенғали Бисенғалиевке «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Айдар Батырханов «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапаттаса, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов ақын ағамызға құрметін білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Осыдан кейін ақынның үзенгілестері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының  құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин белгісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ұстаз, ақын Дариға Мұштанова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Ермек Қазиев, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Есенгелді Молдағалиев ақынның айтыс аламанындағы даралығы мен адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп, құттықтау лебіздерін білдірді. Игі отырысқа республикалық «Үкілі домбыра» байқауының жүлдегері, домбыра жасау шебері, күйші Едіге Нәбиев, облыстық жастар шығармашылығы орталығының директоры Марат Қалиев та қатысты. Шын мәнінде, айтыс өнері - халықтың мұрасы.

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – жұлдызды әлем» мерекелік шара туралы ақпарат

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен мақтанады – деген Елбасы өнер мен мәдениеттің өркендеп дами түсуі үшін үнемі көңіл бөлініп келеді.

Осы орайда мәдениет майталмандары мен қайраткерлерінің қоғамдағы рөлін айшықтайтын кәсіби мереке - 21 мамыр күні облыс орталығындағы «Салтанат» сарайында мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне арналған «Мәдениет – жұлдызды әлем» мерекелік шарасымен аталып өтті.

Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы Егізбаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет майталмандарына мерейлі марапаттарын табыстады.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің және орынбасарының Алғыс хатымен облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Гүлзия Ахметова, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Ербол Есендосов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директорының орынбасары Абдул Рахметовтар т.б.марапатталды.

Ал облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы Дүйсенов өлкеміздің мәдениет саласының дамуына көп жылдар бойы үлес қосып жүрген А.Н.Островский атындағы драма театрының артисі Виталий Котельников, Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапханасының әдіскері  Нұрлы Жұбанғалиева Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің «Құрмет» грамотасымен облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері Набира Саинова, Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры орынбасарының орынбасары Диана Тюлешева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәңгірхан атындағы тарихи-этнографиялық музей-бөлімінің меңгерушісі Нұржан Төлепов, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің артисі Нұржан Хафизов, А.Н.Островский атындағы драма театрының аса күрделі бутафор жасау бойынша мастері Олег Чумаков, Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығының директорының орынбасары Ләззат Кубаева, Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Қалампыр Жұманиязова және Жастар шығармашылығы орталығының инженері Ербол Ахметкалиев, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Ару Ихсанова  және басқалары облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран  Дүйсеновтың Алғыс хатымен марапатталды.

Одан әрі «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық біірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен мәдениет саласының ардагері Құрманғазы Ермұқанов, облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің басшысы Айгүл Урынгалиева, Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Марина Запрометова, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының кадр инспекторы Гүлфара Каженова, Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының мәдени ұйымдастырушысы Талғат Мықиев, Орал қалалық мәдени-ағарту бөлімінің Гагарин атындағы кинотеатрының меңгерушісі Асия Стародубцева, облыстық камералық оркестрінің дирижері Асхат Хасановтар марапатталса, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің бірлескен  «Құрмет» грамотасымен М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы мекемесінің ақпараттық библиографиялық бөлімінің библиграфы Ажар Ирмағамбетова,  Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Марат Сарбупеев, А.Н.Островский атындағы драма театрының музыка бөлімінің меңгерушісі Татьяна Ковальеваға табыс етілді.

Шара соңында Ж.Ғайсағалиевтың «Ән-махаббаты» әні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Ж.Ғайсағалиев, М.Сарбупеев, Ж.Хасанованың  орындауында шырқалды.

Мерекелік шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының концерт залында жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы Егізбаев облысымыздағы мәдениет мекемелерінің басшыларын айтулы мерекемен құттықтап, Алғыс хатын табыстады.

Мәдениет қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өнерімізді ұлықтап, мерейін тасытты.

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

 

  21 мамыр күні - мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсенов, облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры М.Жұбатов және ұжым қызметкерлері мәдениет саласының ардагерлерін мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.                           

         Облыс мәдениеті мен өнерін дамыту жолында жылдар бойы елеулі еңбек еткен сала ардагерлері: Айман Қуатова, Гүлсім Кадешева, Шолпан Қыдырниязова, Танзиля Давлетьярова  ел құрметіне әркез ие.

Мәдениет ардагерлері де мерекелік ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

 

ЖЕҢІС жалауы желбіреген күн! Өшпес ЕРЛІК мерекесі!

Бұл – Отан үшін от кешіп, қанды майданда қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен  Ұлы Отан соғысының ардагерлері  мен еңбегімен дем берген әрбір тыл еңбеккерінің жеңісі!

Аға ұрпақтың ерлік даңқы  ешқашан ұмытылмайды.  Дәл биылғы Жеңістің 75 жылдығы елдегі төтенше жағдаймен тұспа-тұс келсе де, тыныштық пен еркіндікті қорғаған батырларымызға бүкіл ел болып тағзым жасалды.  ҚР Президенті, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құттықтау хаттары, сый-құрметтері әрбір ардагерге жеке-жеке табысталып, оларға мерекелік ән шашуы арналды. 

Қаланың барлық шағын аудандарында Ұлы Жеңіс күніне құрмет көрсетілді, мерекелік көңіл сыйланды.  Бір мезгілде Жайықтың аспаны «Жеңіс күні» әнімен көмкерілді.

Барша жанның дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тілейміз! Көк туымыз бейбіт аспан астында қалықтасын!

  ЖЕҢІМПАЗДАР!!!   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің болашағы жарқын.

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдангерлердің ерлігі мен «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұранымен Отан қорғау ісіне белсене араласқан әйел, бала, қарттардың ерен еңбегі мекеніне айналды.

Осындай ерлік істер мен өнегелі бейнелерді ұрпаққа үлгі ету мақсатында Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің ұсынысы, облыстық мәдениет басқармасы қолдауымен, облыстық тіл басқармасы  және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұрмыс-тіршілік» облыстық қашықтық отбасылық шығармалар байқауы 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында өткізілді.  

Байқауға қала және облыс аудандарынан 53 үміткер қатысты. Әрбір шығармашылық жұмысты тіл, әдебиет мамандарынан құрылған қазылар алқасы бағалап, тақырып сәйкестігі, отбасылық ойдың дербестігі, көзқарас, қолтаңбасы бойынша жеңімпаздарды анықтады.

 

Бас жүлде – Жұбановтар отбасы /Орал қаласы/

I орын – Жақыповтар отбасы, Ғаппар Аяжан Досболсынқызы /Казталов ауданы/

II орын – Беркінбаевтар отбасы, Беркінбаева Аяжан Аманкелдіқызы /Теректі ауданы/

II орын – Шұғаевтар отбасы, Бекболатқызы

Инабат /Қаратөбе ауданы/

III орын - Ахметжановтар отбасы, Ахметжанова Аяулым  Русланқызы /Теректі ауданы/

III орын - Жанақовтар отбасы /Тасқала ауданы/

III орын – Айтқалиқызы Жұпар /Орал қаласы/

Ынталандыру сыйлығы – Сәрсековтер отбасы /Ақжайық ауданы/

Ынталандыру сыйлығы - Есқалиевтар отбасы /Казталов ауданы/

«Үздік танымдық мақала» номинациясы – Меңдігүл Фазылова /Жәнібек ауданы/

«Жеңіс оңай келген жоқ» облыстық қашықтық мәнерлеп оқу байқауы

 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 2020 жылдың 25 сәуір – 3 мамыр аралығында оздырылған «Жеңіс оңай келген жоқ» облыстық қашықтық мәнерлеп оқу байқауы өз мәресіне жетті.

 

#Үйден шықпаңыз # BIZBIRGEMIZ хэштегімен өткізілген МӘНЕРЛЕП ОҚУ жанры бойынша 32 үміткер қатысты.

 

Бас жүлде – Бибі Жайық /Бөрлі ауданы/

1 орын – Мырзағалиева Гүлдана /Теректі ауданы/

2 орын – Ақболатова Айлана  /Орал қаласы/

3 орын – Қуаныш Мейрамбекұлы /Қаратөбе ауданы/

«Жеңіс оңай келген жоқ» облыстық қашықтық сурет байқауы

 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 2020 жылдың 25 сәуір – 3 мамыр аралығында оздырылған «Жеңіс оңай келген жоқ» облыстық қашықтық суреттер байқауы өз мәресіне жетті.

#Үйден шықпаңыз#BIZBIRGEMIZ хэштегімен өткізілген СУРЕТ жанры бойынша 33 үміткер қатысты.

Бас жүлде – Аяпова Аяжан /Жәнібек ауданы/

1 орын – Абсалям Бекзат /Ақжайық ауданы/

2 орын – Дүйсенгалиева Жарқынай /Тасқала ауданы/

3 орын – Қуанышқалиева Бақтыгүл /Тасқала ауданы/