ӨНЕРЛІ  ОТБАСЫ!!! НӘТИЖЕ!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Отан отбасынан басталады. Әр отбасы - Отанның әрбір мүшесін қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Осы орайда отбасылық өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Отаным -алтын бесігім» отбасылар  арасындағы  облыстық  қашықтық караоке-party байқауы 3 сәуір мен 5 мамыр аралығында ОХШО фейсбук Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. әлеуметтік желісінде өткізілді. Байқауға аудандар мен қала орталығынан 15 отбасы қатысты. Кәсіби өнер шеберлерінен құрылған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

 

БАС ЖҮЛДЕ

Негаевтар жанұясы/Жаңақала ауданы/

 

І орын

Сәндібековтер жанұясы /Ақжайық ауданы/

 

ІІ орын

Жапақовтар жанұясы /Қаратөбе ауданы/

 

ІІІ орын

Байғалиевтар жанұясы /Шыңғырлау ауданы/

«Туған жерім – ең көрікті мекен» отбасылар арасында облыстық қашықтық онлайн викториналық сайысы

2020 жылдың 30 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысымен, мәдениет басқармасының қолдауымен патриоттық тәрбие, отбасы құндылықтарының мәнін арттыру мақсатында «Quizizz» платформасында облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп өткізді. Викторина сайысы туған өлке тарихы, табиғаты, геологиясы, шаруашылығы жөніндегі 25 сұрақ, 3 нұсқадан болды.

Онлайн байқау барысы  «Screencast-O-Matic» бағдарламасымен тікелей эфирде ортақ чат арқылы жүргізілді. Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен қала тұрғындарынан 16 отбасы, 79 отбасы мүшесі қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Мұқановтар жанұясы /Орал қаласы/, 1 орынды  Дауловтар жанұясы, 2 орынды Утебаевтар жанұясы /Казталов ауданы/, 3 орынды Рамазановтар жанұясы иеленді.

2020 жылдың 8 ақпан күні Жастар мәдениет үйінде үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі «Аппақ армандар» мерекелік концертін көрермен назарына ұсынды.

Кеш мақсаты - талантты балаларды би өнеріне баули отырып, кәсіби шеберліктерін шыңдау.

Ү.ж. 31 қаңтар күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында облыстық халық шығармашылығы орталығының халықтық Ақжайық би ансамблінің «Тағылым тұмары» жобасы аясында концерттік бағдарламасы оздырылды.